КММ "Шүкірлік негізгі мектебі"
Ресми интернет-ресурс

Мектеп формасы 2026-2027жж оқу жылы

Previous Next

Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген.

Мектеп формасына қойылатын талаптар

5-тармақ. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден аспайтын түстерді араластыруға рұқсат етіледі.

6-тармақ. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.

7-тармақ. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

13-тармақ. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

                

ҚР «Білім туралы» Заңының 49-бабы 2-тармағына сәйкес ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

  • білім беру ұйымының жарғысында айқындалған ережелерді, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп нысанына қойылатын талаптарды орындауға;

  • білім беру ұйымында белгіленген киім нысанын сақтауға;

  • балалардың оқу орнындағы сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.

ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабы 15-2-тармағына сәйкес орта білім беру ұйымдарында оқушылар жауапкершілікті. Білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.

Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар және ата-аналар мен оқушылардың міндеттері мектеп жарғысында бекітілген.

Мектептер білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімдер және әрбір оқушының ата-аналары мен заңды өкілдері қол қойған ішкі тәртіп ережелерін басшылыққа алады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 409-бабының 2-тармағына сәйкес ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер міндетті мектеп нысанына білім беру саласындағы заңнама нормаларын сақтамаған жағдайда айыппұл салынады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39-тармағына сәйкес орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Записаться на прием