ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Балалардың өмірі мен денсаулығы ең алдымен ересектердің жауапкершілігі мен қырағылығына байланысты.
Төмендегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауыңызды сұраймыз.
►СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ
- Балаңыздың көңіл күйіне және психологиялық жағдайына күн сайын назар аударыңыз.
- Баламен сенімді қарым-қатынас орнатып, оның мәселелерін мұқият тыңдаңыз.
- Мінез-құлқындағы өзгерістерді (тұйықталу, өмірге қызығушылықтың төмендеуі, өлім туралы әңгімелер, көңіл күйдің күрт өзгеруі) назардан тыс қалдырмаңыз.
- Дәрі-дәрмектерді, өткір және қауіпті заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Қауіпті белгілер байқалған жағдайда психологтың, педагогтің немесе дәрігердің көмегіне дереу жүгініңіз.
►СУҒА КЕТУДІҢ АЛДЫН АЛУ
- Балаларды өзен, көл, бассейн және басқа да су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыз.
- Тек арнайы жабдықталған әрі рұқсат етілген орындарда ғана шомылыңыз.
- Балаңызға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз.
- Қайықпен немесе басқа жүзу құралдарымен жүргенде құтқару кеудешесін пайдалануды қамтамасыз етіңіз.
- Балалардың су айдындарына ересектерсіз баруына жол бермеңіз.
►БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
- Кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз.
- Терезелерге арнайы қорғаныс құлыптарын немесе ашылуын шектейтін құрылғылар орнатыңыз.
- Терезенің жанына бала шығып кетуі мүмкін жиһаздарды қоймаңыз.
- Москит торы баланы құлаудан қорғамайтынын және оның салмағын көтермейтінін есте сақтаңыз.
- Балаларға терезе мен балкон маңында ойнаудың қауіпті екенін үнемі ескертіп отырыңыз.
► КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ БАСҚАРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Кәмелетке толмаған балаларға автокөлікті, мотоциклді, мопедті, скутерді және басқа да көлік құралдарын жүргізуші куәлігінсіз басқаруға рұқсат бермеңіз.
Көлік құралдарының кілтін балаларға бермеңіз.
Көлік құралын жүргізу құқығынсыз басқару адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін түсіндіріңіз.
Баланың қайда жүргенін және кімдермен араласатынын бақылауда ұстаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Ата-ананың қамқорлығы, қырағылығы және жеке үлгісі – баланың өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі.
БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БЕЙЖАЙ ҚАРАМАҢЫЗ!
Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті
УВАЖАЕМЫЕ РОДИТЕЛИ!
Безопасность детей во многом зависит от внимания
и ответственности взрослых.
Просим соблюдать следующие рекомендации.
► ПРОФИЛАКТИКА СУИЦИДАЛЬНОГО ПОВЕДЕНИЯ
- Ежедневно интересуйтесь эмоциональным состоянием ребенка.
- Поддерживайте доверительные отношения, внимательно выслушивайте его проблемы.
- Не игнорируйте изменения в поведении: замкнутость, потерю интереса к жизни, разговоры о смерти, резкие перепады настроения.
- Ограничьте доступ ребенка к потенциально опасным предметам, лекарствам и другим средствам, которые могут причинить вред.
- При появлении тревожных признаков незамедлительно обращайтесь за помощью к психологу, педагогу или врачу.
► ПРОФИЛАКТИКА УТОПЛЕНИЯ
- Не оставляйте детей без присмотра возле рек, озер, бассейнов и других водоемов.
- Купайтесь только в специально оборудованных и разрешенных местах.
- Объясните ребенку правила безопасного поведения на воде.
- Используйте спасательные жилеты при катании на лодках, катерах и других плавательных средствах.
- Не разрешайте детям самостоятельно посещать водоемы.
► ПРОФИЛАКТИКА ВЫПАДЕНИЯ ДЕТЕЙ ИЗ ОКОН
- Не оставляйте маленьких детей одних в помещении
с открытыми окнами. - Установите на окна специальные блокираторы или ограничители открывания.
- Не ставьте возле окон мебель, по которой ребенок может забраться на подоконник.
- Москитная сетка не защищает от падения и не выдерживает вес ребенка.
- Регулярно напоминайте детям об опасности игр возле окон
и балконов.
► НЕДОПУЩЕНИЕ УПРАВЛЕНИЯ ТРАНСПОРТНЫМИ СРЕДСТВАМИ БЕЗ ПРАВА УПРАВЛЕНИЯ
- Не разрешайте несовершеннолетним управлять автомобилями, мотоциклами, мопедами, скутерами и иной техникой без соответствующего права управления.
- Никогда не передавайте ребенку ключи от транспортного средства.
- Разъясните, что управление транспортом без водительского удостоверения опасно для жизни и влечет ответственность, предусмотренную законодательством.
- Контролируйте местонахождение ребенка и круг его общения.
ПОМНИТЕ!
Внимание, забота и личный пример родителей являются главными условиями сохранения жизни и здоровья детей.
БЕРЕГИТЕ СВОИХ ДЕТЕЙ!
Комитет административной полиции
МВД Республики Казахстан





